Атырау, 11 маусым 16:54
 дождьВ Атырау +31.1
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79

Ресейде Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы сырттай қамауға алынды

121 рет қаралды

Қазақстан ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласы Азамат Капенов Ресейде сырттай қамауға алынды.

ТАСС агенттігі істің материалдарына сілтеме жасап хабарлағандай, Мәскеу соты Азамат Капенов пен оның туған ағасы Меде Капеновке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу түрін таңдады. Олар халықаралық іздеуде.

Іс материалдарына сәйкес, қамауда ұстау мерзімі екі айды құрайды. Ол нақты ұсталған сәттен бастап, ал экстрадиция немесе Ресейге депортация жағдайында — ресейлік құқық қорғау органдарына тапсырылған кезден бастап есептеледі.

Тергеу деректеріне қарағанда, Капеновтар Қазақстанда тіркелген «ПТД» ЖШС-нің 25 пайыздық үлесін иемденді деп айыпталуда. Тергеу олардың компания қызметіне қатысты дауларды реттеу сылтауымен кәсіпкер Анатолий Балушкинді алдағанын мәлімдейді.

Іс материалдарында Капеновтар көмек көрсетеміз деп уәде бергені, алайда тергеу нұсқасы бойынша бастапқыда өз міндеттемелерін орындауды көздемегені айтылған. Іс бойынша мүліктік зиян шамамен 52 млн рубльге бағаланған.

ТАСС дерегіне сәйкес, Балушкин бұған дейін Қазақстанда автомобиль өндірісімен, сатумен және қызмет көрсетумен айналысқан «Азия Авто — БИПЭК» компаниялар тобының негізгі иесі болған. 2025 жылғы сәуірде Қазақстан соты Балушкинді және Ерік Сағымбаевты аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша сырттай 9 және 8,5 жылға бас бостандығынан айырған.

Азамат Капенов бұған дейін «Федералдық жүк компаниясы» АҚ-да ТМД және көршілес мемлекеттер аумағында бизнесті дамыту жөніндегі бас директордың орынбасары қызметін атқарған. Қазақстандық БАҚ-та ол Кәрім Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласы ретінде аталады.

Бұған дейін Капеновті Қазақстанның Қаржы мониторингі агенттігі де іздеуге жариялаған. Қазақстанда ол ҚК-нің 190-бабы — «Алаяқтық» бойынша сырттай қамауға алынған.

Халықаралық іздеу жарияланғаннан кейін Капенов Қырғызстаннан бейнеүндеулерді жиі жариялап, өзін кінәсіз деп мәлімдеген болатын.

Бүгін, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.