
Италияның Вибо-Валентия провинциясындағы Бриатико жағалауынан жас жігіттің денесі табылды.
Италиялық БАҚ деректеріне сәйкес, 9 маусым күні таңертең жағалауға жақын жартастардың арасынан дене байқалған.
Алғашында құтқарушылар оны әйел деп ойлаған, бірақ кейін марқұмның 20–30 жас шамасындағы ер адам екені анықталды. Алдын ала болжам бойынша, ол суға батып кеткен болуы мүмкін. Денесінде қару жарақаты табылмаған, тек жартастарға соғылғаннан пайда болған жарақаттар бар.
Қазақ БАҚ-тарының хабарлауынша, қаза тапқан жігіттің есімі — Нұрдаулет Машарипов. Ол Оралдағы НИШ түлегі, Италиядағы «Unicas» университетінің 3-курс студенті болған.

Қазір оның денесін Қазақстанға жеткізу үшін қаражат жиналып жатыр, шығын көлемі шамамен 8 мың еуро.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі марқұмның туыстарына көңіл айтып, Италиядағы елшілік жергілікті органдармен бірге оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын және отбасыға консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.
В Атырау +31.1