Атырау, 20 сәуір 05:21
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жүректен жүрекке

5 012 просмотра

Жастардан құралған «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы «Қарттарын аялаған ел ардақты» акциясын ұйымдастырды.    

Олар әуелі әлеуметтік желілер арқылы алдын ала хабарландыру берді. Қам көңіл жандарға көмек көрсеткісі келгендер қарасы біршама болыпты. Қаламыздағы ірі компания қызметкерлері мен жастардың жинаған қаржысына үш қой мен азық-түлік сатып алынды. Және дәл сол күні барлығы21 көмекке мұқтаж жан мен 2 мүгедек балалары бар отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, жастар олардың шаруашылықтарына қарасып, үй-жайларын жинастырып берді.

Жалпы акцияға «Жүректен жүрекке» тобынан 40-қа жуық ерікті, «Атырау студенттері Альянсынан» 15-ке жуық студент және «ААА Атырау» тобынан екі ерікті қатысқан. Ал жастарды мекенжайға жеткізуге қалалық ТКШ бөлімінен екі «Газель» автокөлігі бөлінген екен.

«Жүректен жүрекке» тобының жетекшісі Әйгерім ДОСҚАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, топ биылғы жылдың сәуірінде құрылған. Және осы уақыттың ішінде бірнеше акция ұйымдастырып үлгеріпті. Мәселен, «Шаңырақ» балалар аулының тұрғындарының қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын аукционға қойып, түскен қаражатқа балалардың өздеріне жазғы киім-кешек сатып әперген. Тағы бірде баласы сал ауруымен ауыратын анаға көмектесу мақсатында шарларды әдемілеп, халық көп жиналатын орындарда сатыпты. Түскен ақша баласын Бішкекке дәрігерге қаратуға жұмсалған екен.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

24 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.