
Қалада қазіргі уақытта 48 нысан бұзылып жатыр. Жыл соңына дейін жалпы аумағы 4,9 гектарды құрайтын 146 тұрғын үйді сүріледі.
Жарбосынов, Махамбет Мөңкеұлы, Пушкин, Гагарин, Байтұрсынұлы және басқа көшелердегі үйлер бұзылуға жатады.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Амандық Гибатуллаевтың айтуынша, 86 жер телімінің иелеріне 3,6 млрд теңгеден астам өтемақы төленген.
Ал 56 учаске бойынша бағалау жұмыстары жалғасуда, оны алматылық «Asia Consulting» компаниясы жүргізуде. Мәселен, Гагарин көшесінде 19 жер телімі мемлекет қажетіне алынбақ.
Демонтаж аяқталғаннан кейін бос аумақтарда жаңа әлеуметтік нысандар салу жоспарлануда. Олардың қатарында инклюзивті спорт-сауықтыру кешені, музей, қоғамдық кеңістіктер, көпқабатты тұрғын үйлер және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бар.
Акимат өкілдері апатты үйлерді сүру тек ескі әрі қауіпті құрылыстарды жоюға ғана емес, сонымен бірге қалалық ортаны жаңартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
В Атырау +26.3