Атырау, 10 маусым 20:38
 снегВ Атырау +27.9
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81

«Атырау» футбол клубы ФИФА-да дауға тап болуы мүмкін

107 рет қаралды

Спорт журналисі Эльдар Аманбаевтың хабарлауынша, ганалық жартылай қорғаушы Жилберт Кумсон қазақстандық клубқа қарсы талап арыз жолдады.

Оның айтуынша, сәуір айында тараптар келісімге келген, алайда басшылық ауысқаннан кейін «Атырау» ойыншы қызметінен бас тартқан.

Футболшы клубтың өз міндеттемелерін орындамағанын айтып, толық келісімшарт сомасын талап етуде. 

Егер ФИФА ойыншының жағын қолдаса, «Атырау» қаржылық міндеттемелерді орындауға тиіс болады. 

Ал шешім орындалмаса, клуб жаңа ойыншыларды тіркеу құқығынан айырылуы ықтимал. 

Мұндай санкциялар қысқы трансферлік терезеде күшіне енуі мүмкін.

Кумсон соңғы рет Ирактың «Духок» клубында ойнаған. Бұған дейін ол Норвегия чемпионатында 190 матч өткізіп, 24 гол соғып, 28 нәтижелі пас берген. 

Сондай-ақ оның еншісінде еурокубоктарда 15 ойын бар.

Бүгін, 19:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.