Атырау, 10 маусым 15:36
 дождьВ Атырау +31.4
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81

​Газ қызметі үшін заңсыз есептеулердің жолы кесілді

86 рет қаралды

Жетісу облысының прокуратурасы тұрғындарға газ қызметі үшін заңсыз есептеулер жүргізілгенін анықтап, олардың жолын кесті. 

Талдықорған қаласының прокуратурасы жүргізген талдау барысында «РЦКУ‑Талдықорған» ЖШС халыққа қызмет көрсету кезінде заңнаманы жүйелі түрде бұзғаны белгілі болды.

Компания үйішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жұмыстарын іс жүзінде атқармағанына қарамастан, ол үшін төлемді тұрақты түрде есептеп отырған. Көрсетілмеген қызметтерді жасыру үшін серіктестік қызметкерлері ішкі құжаттарды бұрмалап, тұрғындардың атына жалған актілер рәсімдеген.

Қадағалау актісінің нәтижесінде 6 мың тұтынушыға заңсыз есептелген төлемдер жойылды, ал жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Облыс прокуратурасы азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етіп, әлеуметтік маңызы бар салалардағы заң бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

Бүгін, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.