Пәкістан мен Үндістан әскері қақтығысып қалды, деп хабарлайды trtkazakh.com.
Үндістандық БАҚ қақтығыс кезінде бір үнді әскері қаза тауып, 6-уы жараланғанын жарыса жазуда.
Пәкістандық ақпарат көздері болса Үндістан тарапынан атылған оқтың салдарынан жазықсыз бір азаматтың қаза тапқанын жариялады.
2003 жылы қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалғанымен Кашмирде кейде екі ел әскерлері арасында қақтығыстар болып тұрады.
Қаңтар айынан бері осындай қақтығыстардан көптеген әскерлердің қаза тапқаны белгілі болды.
Айта кетейік, қыркүйек айында Үндістан мен Пәкістан Үкімет басшылары Кашмирде бейбіт келіссөздерді жалғастыруға шешім қабылдаған болатын.
Дереккөз: bnews.kz