
Қазақстан Энергетика министрлігі отандық автокөлік иелеріне арналған мәлімдеме жасады. Елде жанар-жағармай материалдары (ЖЖМ) бағасының күрт өсуі күтілмейді, деп хабарлайды Тенгриньюс.
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов кулуарда жанармай құнына қатысты ең өзекті сұрақтарға жауап бере отырып, журналистерге мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, бейінді ведомство ішкі нарықтағы жағдайды толық бақылауда ұстап отыр және азаматтардың үрейленуіне ешқандай негіз жоқ.
«Энергетика министрлігі жағдайды жіті бақылап отыр және бұл жағдайды уыстан шығарып алмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Бізде қажет болған жағдайда бәрін реттеуге жеткілікті қор бар», — деп сендірді Ақкенженов.
Шенеунік отандық мұнай базаларында жинақталған бензин мен дизель отынының қоры сұраныстың кез келген ауытқуын жедел түрде реттеуге мүмкіндік беретінін, сондықтан қазақстандықтарға жанармайды «артығымен» сатып алудың еш қажеті жоқтығын баса айтты.
В Атырау +28.9