Атырау, 6 шілде 13:45
 дождьВ Атырау +32.3
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11

Энергетика министрлігі ​Қашаған​ кен орнын тоқтатудың жаңа мерзімін жариялады

385 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет
Ашық дереккөзден алынған сурет

Қазақстанның ең ірі мұнай өндіруші кен орны — Қашағанда 2027 жылға жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары 35 күннен 40 күнге дейін созылады. Бұл туралы кулуарда Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Рейтер.

Жоғары лауазымды шенеуніктің айтуынша, биылғы жылы алып теңіз кен орны ауқымды тоқтатусыз-ақ толық жұмыс істей алады.

«Кен орны 2026 жылы жөндеусіз де "шыдайды"», — деп сендірді журналистерді Ерлан Ақкенженов.

Бастапқыда Қашағандағы ауқымды техникалық жұмыстар үстіміздегі жылдың маусым айының алғашқы күндерінде басталып, бір айға жуық уақытқа созылады деп болжанған болатын. Мұндай алып нысанның толық тоқтатылуы әрдайым елдегі жалпы мұнай өндіру көлеміне айтарлықтай әсер етеді.

Алайда мамыр айының соңында Энергетика министрлігі жөндеу жұмыстарының барлық көлемін ауыстыру туралы шешім қабылдады. Енді Қашағандағы жабдықтарды «үлкен тазарту» және жаңғырту жұмыстары келесі, яғни 2027 жылы ғана өтеді, бірақ бастапқы жоспардан 10 күнге ұзағырақ уақытты алады.

10 маусым, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.