
Батыс Қазақстан облысында қайғылы жағдай орын алды. Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылының маңында Сарыөзен өзеніне үш жасөспірім суға батып кетті.
Аудандық полиция бөлімінен құтқарушыларға хабарлама 9 маусымда сағат 18:25-те түскен. Анықталғандай, 2009 жылы туған екі жасөспірім және 2008 жылы туған бір жасөспірім шомылуға арналмаған әрі қауіпті орынға барған.
Ведомство бұл өзен учаскесінде шомылуға қатаң тыйым салынатыны туралы ескерту белгісінің анық көрініп тұрғанын баса айтты.
«Оқиға орнына Батыс Қазақстан облысы ТЖД-ның күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді. Алайда ТЖМ бөлімшелері жеткенге дейін қаза тапқандардың денесін судан жергілікті тұрғындар шығарып алған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себебі анықталып жатыр», — деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметінен.
Белгілі болғандай, қаза тапқан үш бозбала да биылғы жылғы мектеп түлектері. Олар үшін күні кеше ғана соңғы қоңырау соғылған еді.
В Атырау +28.9