Атырау, 10 маусым 12:18
 дождьВ Атырау +28.9
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81

Есірткі контрабандасының жолын кесу туралы

70 рет қаралды
gov.kz
gov.kz

Биыл 30 мамырда ҰҚК полиция, кеден органдарымен және Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен бірлесіп, Алматы қаласының әуежайында есірткіні алып өту әрекетін тоқтатты.

Оңтүстік-Шығыс Азияның бір елінен келген шетел азаматының багажын тексеру барысында шамамен 21 кг өсімдік заты «марихуана» табылған.

Тыйым салынған жүк тәркіленіп, күдікті ұсталды.

Полиция органдары бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бүгін, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.