Атырау, 9 маусым 18:49
 дождьВ Атырау +28.7
$ 484.78
€ 558.66
₽ 6.60

Атырау мен Құлсарыда заңсыз қоқыс полигондары анықталды

88 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау облысында аэроғарыштық түсірілім қорытындысы бойынша 14 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды. Мониторингті «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жүргізді.

Атырау облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметі бойынша қоқыс орындарының төртеуі Жылыой ауданының Құлсары қаласында орналасқан. Маусым айында қосымша тағы 10 нысан белгілі болды. Оның ішінде сегізі Атырау қаласында, екеуі Махамбет ауданында тіркелген.

Атырау облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Зарина Төребаева мәлімдегендей, анықталған қоқыс орындарын жою жөнінде жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берілген.

Оның айтуынша, экология департаментінің мамандары біздің басқармамен бірлесіп, бұрын заңсыз қоқыс төгілген Самал, Жұмыскер, Нұрсая-3, Водников және Өркен ықшамаудандарында тазалық жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

«Кейбір аумақтар толық тазартылды, қалған учаскелерде жұмыс әлі де жүргізілуде», – деді Зарина Төребаева.

Аумақтардың жағдайы аэроғарыштық мониторинг пен рейдтік тексерулер арқылы тұрақты бақылауда ұсталады. Өткен жылы облыс аумағында 40 заңсыз қоқыс орны анықталып, олардың 35-і толықтай жойылған.

Бүгін, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.