Атырау, 9 маусым 13:57
 дождьВ Атырау +25.8
$ 484.78
€ 558.66
₽ 6.60

​Атырау облысының шекарасында қазақстандық әйелден 300 мың долларға жуық ақша табылды

87 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

ҚР ҰҚК Шекара қызметі шетелге ақшалай қаражатты заңсыз шығарудың жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып келеді.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 маусымда Атырау облысындағы «Құрманғазы» өткізу пунктінде бақылаудан өту барысында Қазақстан азаматшасының жеке жүгінен 299,6 мың АҚШ доллары анықталды.

Тағы бір дерек 3 маусымда Жамбыл облысындағы шекарада тіркелді. Онда ҰҚК мәліметінше, 102,5 млн рубльді жасырын алып өтпек болған алты шетелдік ұсталды.

Екі дерек бойынша да материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға тапсырылды.

Жыл басынан бері шекарашылар декларацияланбаған валютаны алып шығудың 681 әрекетіне тосқауыл қойды. Жалпы сома 6,9 млрд теңгені құрады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қазақстаннан тыс жерлерге қолма-қол ақшаны алып шығуға заңнамада белгіленген сома шегінде ғана рұқсат етілетінін еске салды.

Бұл ретте әңгіме 10 мың АҚШ долларынан аспайтын сома туралы болып отыр.

Бүгін, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.