
«Ембімұнайгаз» АҚ сатып алу департаментінің директоры болып Нұрғали Орынбасаров тағайындалды, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.
Ол Оңтүстік Қазақстан өңірлік гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Атырау мұнай және газ университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша бітірген.
Нұрғали Орынбасаров еңбек жолын 1993 жылы бастаған.
Әр жылдары ол Мақат орталық аудандық ауруханасында кадр бөлімінің инспекторы, құқықтық қызмет заңгері, сондай-ақ «Ембімұнайгаз» ААҚ «Мақатмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында (МГӨБ) заң кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2007-2020 жылдар аралығында Орынбасаров «Ембімұнайгаз» АҚ-да мемлекеттік сатып алу бөлімінің аға инженерінен бастап сатып алу және жергілікті қамту департаментінің ТЖҚ (тауарлар, жұмыстар және қызметтер) сатып алу бөлімінің бастығына дейінгі түрлі лауазымдарды атқарды.
Соңғы алты жылда ол «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да жұмыс істеді. Онда сатып алуды дамыту және үйлестіру департаменті директорының орынбасары, сондай-ақ сатып алу және жабдықтау департаментінің сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру басқармасының бастығы лауазымдарын атқарды.
В Атырау +26.7