
8 маусым күні Минданао аралының оңтүстігінде қуатты жер сілкінісі тіркелді. АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) дерегіне сәйкес, дүмпулер Саранггани провинциясындағы Каблалан муниципалитетінен оңтүстік-батысқа қарай 26 шақырым жерде, 55,2 км тереңдікте болған, деп хабарлайды АА.
Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан 4 адам қаза тапты, 200-ден астамы жарақат алды. Жер сілкінісінен кейін магнитудасы 4,6–6,5 аралығындағы 10 афтершок тіркелді.
Цунами қаупі
- Филиппин институты теңіз толқындарының биіктігі 1 метрге дейін жеткенін хабарлады.
- Президент Фердинанд Маркос-младший тұрғындарды биік жерлерге көшуге шақырды.
- Малайзияның Сабах штатында, сондай-ақ Жапония мен Индонезияда да цунами туралы ескерту жарияланды.
- Бес сағаттан кейін негізгі қауіптің сейілгені хабарланды.
Залал
- Көптеген ғимараттар бүлінген.
- Кейбір әуе рейстері тоқтатылды.
- Давао қаласында оқу орындарында сабақтар уақытша тоқтатылды.
Филиппин Тынық мұхиттың «Отты белдеуінде» орналасқандықтан, мұнда күшті жер сілкіністері жиі болып тұрады.
В Атырау +26