Атырау, 8 маусым 15:59
 дождьВ Атырау +26
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

Атырауда 8 маусымда бірқатар мекенжайда суық су болмайды​

104 рет қаралды

Бұл туралы «Атырау облысы Су Арнасы» КМК хабарлады.

2026 жылғы 8 маусым күні сағат 15:00‑ден 17:00‑ге дейін Азаттық даңғылы бойындағы Д‑160 мм су құбырында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты №169 үй ауданындағы жоғарылатқыш насос станциясы уақытша тоқтатылады.

Осыған орай төмендегі мекенжайларда суық су беру уақытша тоқтатылады:

  • Азаттық даңғылы: №133, 133а,б, 135, 137, 139, 141, 141а, 143, 143а, 145, 147, 147а, 149, 149а, 151, 153, 153а, 155, 155а, 157, 159, 161, 161а,б, 163, 163а, 165, 166, 167, 169, 169а,б, 171, 171а, 173, 175, 177, 179, 179а тұрғын үйлері
  • М.Әуезов көшесі: №55, 57, 59 тұрғын үйлері
  • Ө.Атамбаев атындағы №8 жалпы орта мектеп (Азаттық даңғылы, №133А)
  • №1 психологиялық‑медициналық‑педагогикалық консультация (Азаттық даңғылы, №147Б)

Компания тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін су беру қалыпты режимде қайта жалғасады.

Бүгін, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.