
Сәтбаев қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, жел электр станциясын салу жобасын жүзеге асырып жатқан «Mezgilder Qushteri» ЖШС-нің құқықтарын қорғады.
Талдау барысында компанияның импортталған жабдықтар бойынша артық төленген қосылған құн салығын қайтару мәселесі ұзақ уақыт бойы шешілмей келгені анықталды. 2025 жылдың шілдесінен бері кәсіпкерлік субъектісі мемлекеттік кірістер органына бірнеше рет жүгінгенімен, барлық құжаттарды тапсырғанына қарамастан өтініштері қанағаттандырылмаған.
Салық кодексіне сәйкес, берешегі жоқ жағдайда артық төленген сома заңда белгіленген мерзімде қайтарылуы тиіс. Осыған байланысты прокуратура қадағалау актісін енгізіп, нәтижесінде компанияға 55 млн теңге қайтарылды.
В Атырау +26