Атырау, 8 маусым 15:40
 дождьВ Атырау +26
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

​Қарағанды облысында рақымшылық заңсыз қолданылған іс қайта қаралды

100 рет қаралды

Бұған дейін алаяқтық үшін сотталған әйел жазасын өтеу кезінде тағы да осындай қылмыс жасаған. Ол Instagram желісінде әйелдер киімін сататынын жариялап, алдын ала төлем алып отырған. Бірақ тауарды жеткізбей, ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

Теміртау қалалық соты оны кінәлі деп танып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Кейін апелляциялық сот «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңды қолданып, мерзімді 2 жыл 4 айға қысқартқан.

Алайда тексеріс барысында рақымшылықтың заңсыз қолданылғаны анықталды. Заңға сәйкес, жазасын өтеу кезінде қасақана қылмыс жасағандарға рақымшылық беруге тыйым салынады.

Бас прокуратураның наразылығы негізінде рақымшылық күші жойылып, әйелге бастапқы үкім — 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы қалдырылды.

Рақымшылық — гуманизм актісі. Бірақ ол жазасын өтеу барысында қайтадан қасақана қылмыс жасағандарды жауапкершіліктен босатпайды.

Бүгін, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.