
Кеше кешкісін табиғат аясында демалып қайтқан бірнеше отбасы нөсер жаңбырдың салдарынан жолда қалып қойды.
Атыраудан шамамен 7 шақырым жерде, Алмалы ауылы маңындағы топырақ жол лайсаңға айналып, жеңіл көліктер қозғала алмай қалған.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары арнайы техниканы пайдаланып, азаматтарды қауіпсіз жерге жеткізді. Нәтижесінде 57 адам, оның ішінде 19 бала Алмалы ауылына эвакуацияланды.
Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ тұрғындарды табиғатқа шығар алдында ауа райын ескеруге, жол бағытын алдын ала жоспарлауға және жол жағдайын нақтылап алуға шақырады.
В Атырау +22.8