
Түркістан облысының Арыс қаласында төрт адамның, соның ішінде екі кішкентай баланың өмірін қиған сұмдық апат болды. Көлік тізгінінде мас әйел болған, деп хабарлайды Kazachkov offside.
Қайғылы оқиға автокөлік жоғары жылдамдықпен жеке үйдің қоршауына соғылған кезде орын алған. Дәл сол сәтте қоршаудың алдындағы орындықта жергілікті тұрғындар отырған.
Апат салдарынан оқиға орнында төрт адам көз жұмды. Олардың арасында екі кішкентай бала, сондай-ақ жүкті әйел бар екені хабарланды. Тағы екі адам ауыр жарақатпен шұғыл түрде аудандық ауруханаға жатқызылды. Қазір дәрігерлер олардың өмірі үшін күресіп жатыр.
Жүргізуші туралы не белгілі
Алдын ала мәлімет бойынша, көлік тізгінінде 52 жастағы жергілікті тұрғын болған. Дереккөздердің хабарлауынша, әйел жергілікті мектептердің бірінде жұмыс істейді, ал бос уақытында такси қызметімен айналысқан.
Медициналық сараптама қорытындысы бойынша ЖКО жасау сәтінде әйел алкогольдік мас күйде болған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Кінәлі жүргізуші қандай жаза алуы мүмкін?
Адам өліміне әкеп соққан жол апаты дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, мас күйде жол жүрісі қағидаларын бұзып, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққаны үшін күдікті белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына тыйым салына отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
В Атырау +15.5