Атырау, 8 маусым 11:17
 дождьВ Атырау +15.5
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

Киевтегі есірткі бизнесіне қазақстандықтар арбалған: ІІМ Украинада арнайы операция жүргізді

Бейнежазба
70 рет қаралды

Киевте Қазақстан азаматтарын наркобизнеске жұмысқа тартумен айналысқан ірі call-орталықтар желісі құрықталды. Арнайы операцияны екі елдің бас прокуратураларының қолдауымен ҚР ІІМ мен Украинаның Ұлттық полициясы жүргізді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жойылған call-орталықтарды трансұлттық қылмыстық ұйым бақылап отырған. Топ ТМД және Еуропа елдерінің аумағында «синтетика» өндірумен және сатумен айналысқан.

«Бұл call-орталықтар азаматтарды заңсыз әрекеттерге тарту (арбау) үшін пайдаланылғаны анықталды. Ұйымдастырушылардың нұсқауы бойынша операторлар Қазақстан Республикасының аумағында есірткі жасырушы (закладчик) және өлшеп-ораушы (фасовщик) болып жұмыс істейтін адамдарды іздеп, тартқан», — деп хабарлады ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Тінту кезінде табылған айқағтар

Құқық қорғаушылар Украина астанасындағы тоғыз мекенжай бойынша тінту жүргізді. Операция нәтижесінде қарапайым операторлардан бастап схеманы ұйымдастырушыларға дейін — жиынтығы 11 адам ұсталды.

Тінту барысында полиция мыналарды тәркіледі:

  • қолма-қол ақшалай шамамен 40 мың АҚШ доллары және 10 мың еуро;

  • Range Rover автокөлігі;

  • 18 ұялы телефон;

  • 12 ноутбук пен планшет.

Қазіргі уақытта сарапшылар есірткі картелінің басты жетекшілерінің ізіне түсу үшін тәркіленген техникадағы мәліметтерді талдап жатыр. Сондай-ақ ақша ағындарын бақылау үшін қатарлас қаржылық тергеу басталды.

ІІМ бұл call-орталықтардың талқандалуы Қазақстанға келетін есірткі ағынын айтарлықтай азайтуға көмектесетінін және ел азаматтарын халықаралық қылмыстық бизнеске тартылудан қорғайтынын баса айтты.


Бүгін, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.