Атырау, 5 маусым 14:06
 дождьВ Атырау +24.6
$ 485.34
€ 564.45
₽ 6.53

Ресей Бас прокуратурасы Бен Уоллесті сотқа берді

92 рет қаралды

Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы Ұлыбританияның бұрынғы қорғаныс министрі Бен Уоллеске қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады.

Бұл туралы Ресейдің қадағалау ведомствосы хабарлады.

«Ресей Федерациясының Бас прокуратурасында Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның бұрынғы қорғаныс министрі Бен Уоллеске қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау қорытындысы бекітілді. Ол ҚР ҚК 205.2-бабының 2-бөлігі бойынша (ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді, соның ішінде интернетті пайдалана отырып жасалған терроризмге жария түрде шақыру) қылмыс жасағаны үшін сырттай айыпталуда», – делінген хабарламада.

Тергеу деректеріне сәйкес, «2025 жылғы қыркүйекте Уоллес Польша Республикасында өткен «Варшава қауіпсіздік форумы 2025» конференциясында сөз сөйлеп, оның мәлімдемесі БАҚ пен интернет арқылы көпшілікке қолжетімді болды. Бұл сөзінде ол Украинаға Қырым көпіріне соққы жасауға мүмкіндік беретін алыс қашықтықтағы зымыран қаруын беруге шақырды. Мұндағы мақсат – Қырым аумағында бейбіт тұрғындардың өмір сүруіне қолайсыз жағдай туғызу», – деп атап өтті Бас прокуратура.

Ведомствоның мәліметінше, Уоллес тергеуден жасырынғандықтан халықаралық іздеуде. 

Сот оған сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған. Қылмыстық іс бойынша айыпталушының қатысуынсыз жүргізуге болатын барлық тергеу әрекеттері аяқталды. Іс 2-Батыс округтік әскери сотына жіберілді.

Бен Уоллес Ұлыбританияның қорғаныс министрі қызметін 2019 жылғы шілдеден 2023 жылғы тамызға дейін атқарған. Оны Ресейде іздеуде екені 13 мамырда белгілі болған еді.

Бүгін, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.