Атырау, 10 желтоқсан 11:23
 бұлттыВ Атырау -3
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Оқиғалар тізбегі

2 784 просмотра

Авангард ықшам ауданында 15 қазан күні су полициясы Жұмыскер тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Лада-Приора» көлігін тоқтатты. Оның жүк салғышынан 20 келі бекіре балығы табылды. Сол күні Дамбы поселкесінде «Ниссан-Премьера» көлігі тоқтатылып, 22 келі бекіре еті табылған. Тергеу жүргізілуде.

 

Полицияға 47 жастағы қала тұрғыны хабарласты. 11-19 қазан аралығында көппәтерлі үйдің ауласына қойылған оның «Форд-Гранта» көлігін ұрлап айдап кеткен. Көлік табылып, қожайынына қайтарылды. 21 жастағы көлік ұрлаушыға іздеу жарияланды.

***

 

Су полициясының қызметкерлері 19 қазанда қала тұрғынының мекен-жайына табиғат қорғау прокуратурасының рұқсатымен тінту жүргізу кезінде 28 келі бекіре еті мен 2 келі қара уылдырық тапқан. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Азаттық, 3 мекен-жайындағы кеңседен 26 қыркүйекке қараған түні 3 ноутбук пен 2 компьютер ұрлады деген күдікпен Атыраудың 22 жастағы тұрғыны ұсталды. ҚР ҚК-нің 175-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

***

 

Қазанның 20-сы күні кешке Индер ауданындағы Есбол селосында жеке үй толықтай өртеніп кеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, өртке қысқа тұйықталу себеп болған. Өртенген үйдің адамдары әзірге туыстарын паналап отыр. Селолық округ әкімі Ербол Қалиев жаңа баспана салу үшін ақшалай көмек беруге уәде берді.

***

 

Облыста «Контрафакт» операциясы басталды. 22 қазанда «Мұрагер» базарында 50 «қарақшы» DVD-дискілерді сатқан Нұрсая ықшамауданының тұрғыны ұсталды. Жедел топ қызметкерлері «Дина» базарында Алмагүл ықшамауданының 37 жастағы тұрғынынан осындай тауарды тәркілеп алды. Заң бұзушыларға айыппұлдар салынды.

***

 

Атырау ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласынан су полициясының қызметкерлері ысталған бекіре дайындайтын астыртын цехты анықтады. Тінту кезінде пайдалануға дайын 20 келі жеңсік ас пен 150 келі жаңа ауланған бекіре балығының еті табылды. ҚР ҚК-нің 183-бабы («Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктiсатып алу немесе сату») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

24 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.