Атырау, 4 маусым 17:48
 дождьВ Атырау +26.1
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

​КамАЗ-дың тежегіші істен шықты: жүргізуші Маңғыстаудағы жолда амалсыз жартасқа соғылды

96 рет қаралды
Сурет: Lada.kz
Сурет: Lada.kz

Маңғыстау облысында тіркемесі бар КамАЗ жүргізушісі көліктің тежегіші істен шыққаннан кейін жүк көлігін саналы түрде жартасты беткейге қарай бағыттады. Жүогізуші бұл әрекетімен көлік қозғалысы көп жолда үлкен қасіреттің алдын алды, деп хабарлайды Lada.kz.

Жол-көлік оқиғасы орнынан түсірілген кадрлар бұған дейін әлеуметтік желіде тараған. Маңғыстау облыстық Полиция департаменті хабарлағандай, оқиға 3 маусымда Шетпе – Бейнеу жолында болған.

Қозғалыс кезінде ауыр жүк көлігінің жүргізушісі тежегіш жүйесінің толықтай істен шыққанын сезген. Басқа көліктерді соқпау және адам шығынына жол бермеу үшін ер адам шұғыл шешім қабылдап, арнайы авариялық шығу жолына бұрылған.

«Нәтижесінде автокөлік авариялық учаскеге шығып, жартасты беткейге соғылып тоқтаған. Бұл жолдағы қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді. ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ», — деп түсіндірді Маңғыстау облысы ПД.

Жүргізушінің ерлік әрекетіне және зардап шеккендердің жоқтығына қарамастан, полицейлер апат дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтыруға мәжбүр болды. Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы («Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы») бойынша жауапкершілікке тартылды.

Бүгін, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.