Атырау, 4 маусым 17:40
 дождьВ Атырау +24.4
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

​ҚТЖ жолаушылар пойызы уақытынан кешігуі мүмкін екенін ескертті

66 рет қаралды
Сурет: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
Сурет: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Қазақстан темір жолында инфрақұрылымды жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

ҚТЖ теміржол инфрақұрылымын жаңғырту және жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде 3 мың км астам теміржол желілерін жаңғырту жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда Қызылжар – Сексеуіл, Алтынкөл – Жетіген және Ақсу – Жаңа-Семей учаскелерінде 1209 км жол жаңғыртылды. 

Жұмыстар бекітілген кестелерге сәйкес жүргізілуде, оларды аяқтау 2026 жылға жоспарланған.
Сонымен қатар, жөндеу-жол науқаны іске асырылуда, оның шеңберінде ағымдағы жылы 1 577 км темір жолды жөндеу көзделген. 

Науқан ақпан айында Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде басталды. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 288 км жол жөнделді. Жазғы кезеңнің басталуымен жұмыстар еліміздің барлық өңірлерінде өрістетілді.

Өткізілетін іс-шаралар теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыруға, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және учаскелерде белгіленген қозғалыс жылдамдығын қолдауға бағытталған.

Жолды жаңғырту мен  жөндеу жұмыстары техникалық және технологиялық жағынан күрделі үдеріс болып табылады. Оларды орындау үшін технологиялық «толаскездер» -  жұмыстарды қауіпсіз жүргізу және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті пойыздар қозғалысындағы уақытша үзілістер ұсынылады.

Астана – Алматы, Астана – Тобыл, Көкшетау – Қостанай, Қандыағаш – Тобыл, Астана – Павлодар және Арыс – Сарыағаш учаскелерінде ұзақ технологиялық «толаскездер» көзделген. 

Бұл бағыттар күн сайын жолаушылар мен жүк пойыздарының едәуір бөлігі жүретін елдің теміржол желілерінде ең көп жүретін бағыттардың бірі болып табылады.

Жұмыстарды жүргізуге байланысты жекелеген учаскелерде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті пойыздардың қозғалыс жылдамдығына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне және жүктердің өтуіне әсер етуі мүмкін.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жолаушылардан, жүк жөнелтушілерден және жүк алушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін, теміржол инфрақұрылымының сенімділігін және тасымалдау процесінің сапасын арттыруға бағытталған.


Бүгін, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.