
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл мереке елдің егемендігін айқындайтын басты нышандар – Ту, Елтаңба және Әнұранның маңызын дәріптеуге арналған.
Атырау қаласындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Қазақстанның Мемлекеттік Туы көтеріліп, салтанатты рәсім өтті. Іс‑шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты. Жиналған жұртшылық Әнұранды бірге шырқады.
Өңір басшысы Серік Шәпкенов рәміздердің елдік рухты нығайтудағы және отансүйгіштікті қалыптастырудағы рөлін атап өтті. Ол Мемлекет басшысы Қасым‑Жомарт Тоқаевтың рәміздерді құрметтеу – Отанға деген құрметтің белгісі екенін әрдайым ерекше айтатынын жеткізді.
«Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Әнұранымыз жас ұрпақты жігерлендіре берсін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!» – деді облыс әкімі.
Мерекелік жиын өңірдің шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
В Атырау +24.4 







