
Атырауда ПИК қызметкері жануарларға қатыгездік жасағаны үшін жауапқа тартылды. Ол мысықты безектерімен бірге пакетке салып, қоқыс контейнеріне тастаған. Бұл оқиғаға қатысты волонтерлер мен құқық қорғау органдарының деректері әртүрлі болып отыр, деп жазады Qumash.
Оқиға зооқорғаушылардың арқасында жария болды. Help_animals_atyrau қоры коммуналшының әрекетіне байланысты полицияға ресми арыз түсірген. Тергеу нәтижесінде ер адам кінәлі деп танылып, оған 21 625 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Алайда волонтерлер жануарлардың жағдайына алаңдаулы. Олардың нақты қайда екені әлі белгісіз.
«Волонтерлер оқиға орнына дереу барып, қоқыс контейнерлерінен мысық пен безектерін іздеді, бірақ таба алмады. Бүгінгі күнге дейін олардың тағдыры бізге беймәлім», – делінген қордың хабарламасында.
Ал Атырау облыстық полиция департаменті алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді. Ведомствоның дерегінше, тасталған мысық пен безектер дін аман.
В Атырау +21.6