
Halyk Bank танымал re:Kassa финтех-сервисін сатып алу бойынша мәмілені ресми түрде жапты. Қаржы институты аталған жоба тиесілі «Comrun» ЖШС-нің 100 пайыздық иесі атанды, деп хабарлайды Nege.kz.
Осылайша, цифрлық сервиске толық бақылау бас бенефициарлары Тимур және Динара Құлыбаевтар болып табылатын «Алмэкс» холдингтік тобына өтті.
Айта кетерлігі, сатушы тараптың («Comrun» ЖШС) негізгі қосалқы иелерінің бірі ретінде бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, ал қазіргі уақытта «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин көрсетілген.
Анықтама: re:Kassa сервисі — бұл қазақстандық нарықта шағын және орта бизнес үшін сұранысқа ие IT-шешім. Платформа сауданы автоматтандыруға, кассалық жабдықтармен қашықтан жұмыс істеуге және бизнес-процестерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Екі алыптың интеграциясы кеше ғана басталған жоқ. Halyk Bank пен re:Kassa стратегиялық серіктестік туралы 2025 жылдың тамыз айында-ақ жариялаған болатын. Бірнеше айлық бірлескен жұмыстан кейін компаниялар нарыққа технологиялық жаңалықты — классикалық POS-терминал мен онлайн-кассаны біріктірген гибридті құрылғыны таныстырды. Шамасы, өнімнің сәтті сынақтан өтуі (тест-драйв) банктің компанияны түпкілікті жұтып алуына (поглощение) алып келген сияқты. Мәміле сомасын тараптар әзірге жариялаған жоқ.
В Атырау +21.6