Атырау, 3 маусым 13:10
 дождьВ Атырау +18.3
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

​Тоқаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасарын тағайындады

49 рет қаралды
Ержан Жиенбаев. Сурет: видеодан алынған кадр
Ержан Жиенбаев. Сурет: видеодан алынған кадр

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Жиенбаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап ҚР Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымын атқарып келген еді.

Жиенбаевтың конституциялық реформаны әзірлеу мен өткізуге белсенді түрде қатысқанын қоса кетейік.

Жиенбаев 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2002 жылы «Тұран» университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген, 2018 жылы РХШжМҚА (РАНХиГС) «Executive MBA» бағдарламасы бойынша оқуын аяқтаған.

2002 жылдан 2005 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігі жүйесінде еңбек етті.

2005 жылдан 2012 жылға дейін ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді. ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің заң бөлімінде аға сарапшы, бас сарапшы, бас консультант, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

2012 жылдан 2013 жылға дейін — ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2013 жылдан 2019 жылдың шілдесіне дейін ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2019 жылдың шілдесінен қазан айына дейін ҚР Премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болды.

2019 жылдың қазан айынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

Бүгін, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.