
Қазақстанда жергілікті қызметкерлерге шетелдік тәлімгерлерді бекіту ережелері жаңарды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті бұйрығы маусым айында күшіне енеді.
Енді, егер компания жұмысқа шетелдік маманды тартса, оған 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге қазақстандық қызметкер бекітілуі мүмкін. Басты мақсат — экспаттың жергілікті кадрға өзінің кәсіби білімін, дағдылары мен практикалық тәжірибесін беруі. Бұл ретте қос қызметкердің де бейіні (профилі) мен біліктілігі қатаң түрде сәйкес келуі тиіс.
Министрлік жұмыс берушілер үшін мерзімдерді нақты реттеді:
Шетелдік азамат жұмысқа қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні — бұл мерзімде компания басшылығы тәлімгерді бекіту туралы ресми акт шығаруға міндетті.
Акт шыққан сәттен бастап 3 жұмыс күні — осы уақыт ішінде кадр қызметі қазақстандық қызметкерге оның шетелдік менторы пайда болғаны туралы ресми түрде хабарлауы тиіс.
Не өзгерді? Негізгі жаңалықтардың бірі: енді тәлімгерлік процесі қазақстандық қызметкердің кәсіби біліктілігін тану процедурасынан өтуін қамтиды. Рас, мұны істеуге ешкім мәжбүрлемейді — процедура тек қана ерікті негізде жүреді.
Жаңа ережелер Еңбекминінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 197 бұйрығымен бекітілді және 2026 жылғы 13 маусымнан бастап ресми түрде күшіне енеді.
В Атырау +13.2