Атырау, 26 қараша 10:54
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Аудан жаңалықтары

5 089 просмотра

Емдеуге рұқсаты жоқ

Исатай аудандық ауруханасында бірқатар дәрігерлер медициналық қызметпен заңсыз айналысып келген.

Бұл туралы Исатай ауданы прокурорының орынбасары А. ТҰРҒАНОВ хабарлады.Тексеру барысында ауруханада терапевт, нарколог, травмотолог және тағы бірнеше дәрігерлердің сертификат мерзімі өтіп кеткендігі анықталған. Олардың әрқайсысына ҚР ӘҚБтК-ның 322-бабы 1-бөлігі бойынша 8 655 теңге айыппұл салынды.

***

 

Мұнай төгіндісі айыппұлмен өтеледі

Исатай аудандық прокуратурасы мен облыстық экология департаменті 7 маусым күні «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-не қарасты «Жаңаталап - С. Балғымбаев» құбырынан мұнайдың төгілуіне жол берген мұнай компанияларының басшыларына айыппұл салды.

Осылайша ҚР ӘҚБтК-ның  250, 242 баптары бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ-ның бас директоры Ж. Жамауов пен «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның бастығы Д. Төреғалиевтің әрқайсысына 43 275 теңге айыппұл төлеу міндеттелді. Сонымен қатар «Ембімұнайгаз» АҚ-на 344 469 теңге айыппұл салынды.

***

 

 

Кешіккен құрылыс 

Қызылқоға ауданында балабақшалар мен мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу қыркүйектің 15-нен бастап қана жүргізілді.

- Құрылыс жұмыстарының кеш басталуы біздің кінәмізден емес, -  дейді Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Бекнұр ӘЖІҒАЛИЕВ.  - Себебі, оған қаржы кеш бөлінді және тендер өткен болатын.

Қазір құрылысшылар жұмысты тез бітіруге күш салуда. Осыған байланысты жергілікті билік жөндеу жұмыстарының сапалы болуын талап етуде. Ал ??үш мәдениет үйі, үш балабақша ғимараттарының күрделі жөндеу жұмысы желтоқсанның аяғында бітеді деп жоспарланып отыр.

Миялы селосындағы «Арман» мәдениет үйін жөндеуге облыс бюджетінен 41 млн теңге, қалғандарына 19-25 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.