Атырау, 2 маусым 15:17
 дождьВ Атырау +13.8
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

​Астанада есік сатумен айналысқан әйел алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

82 рет қаралды

Polisia.kz хабарлауынша, елордада полиция қызметкерлері бірнеше алаяқтық дерегі бойынша 40 жастағы әйелді анықтап, ұстады. 

Ол базардағы бутикте сатушы болып жұмыс істеп, бөлме есіктерін дайындау мен жеткізуге тапсырыс қабылдаған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті кейбір тапсырыстарды ресми рәсімдемей, алынған ақшаны жеке пайдасына жаратқан. 

Клиенттерге тауардың жақын арада жеткізілетінін айтып, сенімдеріне кірген. Біраз уақыт бойы байланыста болып, түрлі себептермен жеткізуді кейінге қалдырған, кейін мүлде хабарсыз кеткен. 

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде әйел басқа өңірде ұсталды.

Қазіргі уақытта осыған ұқсас 10 алаяқтық фактісі анықталды. Бір эпизодта келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 900 мың теңгені құраған.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтарға ірі көлемдегі тапсырыстарды рәсімдеу кезінде төлем жасалғанын растайтын құжаттарды мұқият тексеруге және барлық түбіртектер мен шарттарды сақтап қоюға кеңес береді.

Бүгін, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.