
Атыраудағы Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жаңа қызметтік көліктер алды. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5546 әскери бөлімінің автопаркі отандық жинақтағы Hyundai Tucson кроссоверлерімен толықты.
Кілттерді тапсыру рәсімі бөлім аумағында өтті. Оларды полковник Ерлан Нұрсейітов пен бөлім командирі подполковник Самет Құлахмедов табыстады.
Командование жаңа техниканың бөлімшелердің мобильдігін арттырып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және жедел әрекет етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Көліктер патрульдік қызмет пен қаладағы шақыруларға жедел шығу үшін пайдаланылмақ.
Ұлттық ұлан материалдық-техникалық базаны кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жалғасатынын хабарлады.
В Атырау +15.1