
«Қазгермұнай» БК» ЖШС ұжымына жаңа Бас директор таныстырылды. Бұл қызметке Ерсейіт Қайыпов тағайындалды.
Ерсейіт Жолмырзаұлы мұнай-газ кен орындарын игеру мамандығы бойынша Қытай мұнай университетінде білім алып, кейін Ұлыбританиядағы Абердин университетінде магистратураны тәмамдаған.
Еңбек жолын «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-да материалдарды бақылау маманы ретінде бастап, кейін қабаттарды игеру инженері болып қызмет атқарды.
Әр жылдары «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де кен орындарын модельдеу инженері, «KazPetrol Group» ЖШС-де геология және игеру департаменті директорының орынбасары болды. Сондай-ақ «Кул-Бас» ЖШС мен «DMS Services» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарған.
Жаңа қызметке келгенге дейін ол «Азиялық Газ Құбыры» ЖШС Басқарма төрағасы болды.
Кездесу барысында компанияның бұрынғы Бас директоры Зияш Қияқбаевқа адал еңбегі мен өндірістік және әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы үлесі үшін алғыс айтылды. Оның басшылығымен серіктестік жоғары өндірістік нәтижелерге қол жеткізгені атап өтілді.
В Атырау +15.1