Миялы селосында орналасқан Қызылқоға ауданы әкімдігі ғимаратының қарсы бетіндегі Құрмет тақтасына бір топ еңбек майталмандарының суреттері ілініп қойылған. Күнге күйіп, жауынға жуылған суреттер әбден көнерген (суретте). Ал оларды ауыстыру ешкімнің қаперіне кірер емес.
- Бұдан да бұл бейнелерді алып тастағаны жөн дерсің. Әріптері өшіп, адам беттерінен ештеңе қалмаған. Бейнелер мазаққа айналғандай, -дейді қызылқоғалықтар.
Бұған қатысты Миялы селосының әкімі Нұрлан БЕКЕШОВ былай деді:
- Бұл тақталар бір ай ішінде алынады, оның орнына 10 округтің карталары салынған сурет орнатылады. Бұған бюджеттен қаржы бөлінді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА