Атырау, 2 маусым 11:54
 дождьВ Атырау +15.1
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Атырауда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді: 60-тан астам кәсіпорын жұмыс ұсынады

42 рет қаралды

Атырауда 5 маусымда «Жайық жағасындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» атты облыстық бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкені Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және Атырау облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шараға өңірдегі 60-тан астам ірі және орта кәсіпорын қатысады. Олар инженерлік және жұмысшы мамандықтары бойынша бос жұмыс орындарын ұсынады.

Жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, сұхбаттасудан өте алады, түйіндеме (резюме) қалдырып, кеңес алуға және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы білуге жағдай жасалады.

Ұйымдастырушылар жұмыс іздеп жүрген немесе жаңа мансаптық мүмкіндіктерді қарастырғысы келетін тұрғындарды жәрмеңкеге қатысуға шақырады.

Шара 2026 жылдың 5 маусымында сағат 09:00-ден 12:30-ға дейін мына мекенжай бойынша өтеді: Атырау қаласы, Сұлтан Бейбарыс алаңы, облыстық әкімдік ғимаратының алды.

Қатысушылар өздерімен бірге түйіндеме ала келген жөн.

Бүгін, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.