Атырау, 26 қараша 10:45
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Баспана жыры

1 933 просмотра

Доссор поселкесінде тұрып жатқан КИТУЕВТЕР отбасы 20-ғасырдың басында салынған үйді баспана қылып отыр.  

Мұндай барақ үйлер поселкеде бірнешеу. Тұруға қолайсыз болса да, адамдар басқа барар жерлері болмағандықтан, амалсыздан тіреуге сүйеніп тұрған барақтарды паналауға мәжбүр. 

- Бұл барақты бұдан 95 жыл бұрын ағылшындар жұмысшыларға арнап  салыпты. Іші босаған соң, біз сонда баспанамыз болмай, рұқсат алып кіріп алдық, - дейді отағасы Жалғас КИТУЕВ.

Іргетасы жерге отырып кеткен барақтың қабырғасы ағаш, жөндеуге келмейді.  Мақат ауданы әкімдігі жанынан құрылған тұрғын үй комиссиясы да барақ тұруға жарамсыз деген шешімге келген. 

Бұл барақтың жалпы алаң көлемі - 66 шаршы метр. Соның 35,2 шаршыметрін Китуевтар тұруға жарамды етіп алған. Қуықтайекі бөлмеде қазір 16 адам тұрып жатыр. Баспана тар болғасын, ас үй мен дәлізді жатын орынға айналдырып алған.

- Мен интернатта тәрбиеші, күйеуім «Доссор-Жылу» ЖШС-нде тракторист болып жұмыс істейді. Біздің 9 баламыз бен жиендеріміз бар. Екеуміздің тапқан табысымыз тамақтан ауыспайды, сондықтан әзірге үй тұрғызуға шамамыз келмейді, - дейді 54 жасар «Алтын алқа» иегері Сәния КИТУЕВА.

Доссор поселкесінің әкімі Есенжан ТӨЛЕШҚАЛИЕВ Китуевтар отбасының жағдайымен жақсы таныс:

- Тұрғын үй кезегінің жылжымауына байланысты қазір оларға берілетін үй жоқ.

Ал Мақат ауданы әкімінің орынбасары Самат АЙТҚАЛИЕВ соңғы жылдары бюджет есебінен тұрғын үйлердің салынбағанын мәлімдеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.