Келесі жылдан бастап үкімет көліктердегі аэрографияға тыйым салмақ. Шенеуніктердің пікірінше, ашық түсті суреттер жол-көлік оқиғасына ұрындырып, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің назарын аударады екен.
ӨРНЕКТЕЛГЕН БАМПЕР
Әлеміштенген көліктер біздің қаламызда жеткілікті , аэорография жасайтын суретшілер жоқ екен. Біз Алматы өнер студиясының суретшісі Рината НАЖМУТДИНОВА-ОТКИДЫЧПЕН телефон арқылы хабарластық. Ол атыраулықтардың, басқа қалалардың тұрғындары секілді, өз көліктерін аэрография үшін сирек әкелетінін әңгімеледі. Көбінесе таңдаған суретін көру үшін көліктің бір бөлшегін пойыз арқылы жібергенді жөн көреді екен.
– Аэрография бүкіл қалада үлкен сұранысқа ие. Қазір иероглифтар, су, от, жануарлар әлеміндегі тақырыптар кең танымал... Суреттің құны күрделілігіне байланысты, әрі кеткенде 60 мың теңге, - дейді Р. Нажмутдинова-Откидыч. – Мен бұл салада көптен жұмыс жасаймын және бұл өнер апат туғызуы мүмкін деп есептемеймін. Адамдардың сұлулыққа ұмтылғандығында тұрған ерсі ештеңе жоқ. Кейбіреулер көлікке жарық диодты дискілер қондырады, енді біреулер жапсырмалар жапсырады... Қалалық автобустарға жарнамалар іледі ғой, олар да жолдан алаңдата ма сонда?..
«МЕНІ МӘЖБҮРЛЕУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ»
Аэрография — қандай да болмасын заттың бетіне сығылған ауа көмегімен сұйық немесе ұнтақ тәрізді бояуды жағу үшін құрал-сайман ретінде бояу бүріккішті қолданатын бейнелеу өнері техникасының бірі. Сонымен қатар бояу баллоны қолданылуы мүмкін.
Рината мүдделі жан ғой. Көлік әуесқойларының пікірін анықтау үшін біз Атырау қаласындағы ең ауқымды «drive2.ru» жүргізушілер қауымдастығына қатысушы әрі модераторы Павел ТУЛИНГЕ хабарласқан едік. Аттас сайтқа әлеуметтік сауал жасадық. 10-минутта форумда екі жүзден астам алуан түрлі пікірлер жазылды. Мәселен:
ae033: Менің өз басыма осы аэрография деген ұнамайды, сондықтан мен тыйымды қолдаймын.
ClassiC-za: Егер олар әшекейленген машиналар апат тудыруға итермелейді деп растаса, онда жолдан бүкіл билбордтар мен қысқа белдемше киген қыздарды алып тастасын. Өйткені олар да жүргізушіні қатты алаңдатады.
maxxx-vel7: Алдымен жол төсемдерін дұрыстасын, белгілер орнатсын, пара алуды тоқтатсын. Сол кезде апат та болмайды.
vadim-pv: Қанеки, жол бойындағы жарнама билбордтары мен аэрография салынған көліктердің санын салыстырып көрелік. Бұл жағдайда қайсысы көбірек алаңдатады? Жауабы айқын ғой, солай емес пе?
Shekhovtsov983: Жалпы машина жеке меншік мүлігі, олардың маған не болады, не болмайды деп мәжбүрлеуге қандай құқықтары бар? Бәлкім, көлік ішінде музыка тыңдауға, достарымды мінгізуге тыйым салатын шығар? Мен өзім аэрографияға әуес емеспін, бірақ бұл принциптік мәселе.
ҚЫЛҚАЛАМДАР МЕН РӨЛДЕР ОДАҒЫ
Ал көліктерге сурет салу өнеріне маманданған Қарағанды, Алматы, Астана суретшілері наразы әңгімеден гөрі, белсенді іске көшті: олар түрлі өлшемдегі стикерлерді басып шығарып, тыйымға қанша көліктердің қарсы екендігін шенеуніктер көру үшін оларды көліктерге жапсырмақ. Бұл жапсырмалар бірден көзге түседі. Ашық қызыл түсті реңде ақ әріптермен «Мен аэрографияны қолдаймын!» деген жазу болады. Дегенмен, үкімет өз дегенін жасар ма екен, әлде жүргізушілердің наразылықтарын естір ме екен, кешікпей білетін боламыз.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор