
2026 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Әділет министрлігі жаңа саяси ұйымды – «Әділет» партиясын тіркеді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Партия әртүрлі кәсіби салалардың өкілдерін біріктіреді: еңбек адамдары, мұнай сервистік және тау-кен металлургиясы саласының қызметкерлері, шахтерлер, спорт, білім, денсаулық сақтау, ғылым, кәсіпкерлік, IT, заң және креативті индустрия мамандары.
Бағдарламаның негізінде әділеттілік, жауапкершілік, теңдік, отансүйгіштік және прогресс қағидаттары жатыр. Негізгі басымдықтар қатарында заң үстемдігін және құқықтық тәртіпті нығайту, тиімді институттарды дамыту, өңірлерді қолдау, цифрландыруды ілгерілету, адами капиталды дамыту және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру бар.
«Әділет» партиясы өз қызметін кәсібилікке, қоғамдық диалогқа және жауапты азаматтық ұстанымға сүйене отырып, әділетті, заманауи әрі бәсекеге қабілетті Қазақстанды дамытуға қосылатын үлес ретінде қарастырады.
Алдағы уақытта партия ұйымдық құрылымын қалыптастырып, өңірлерде жүйелі жұмысын бастайды.
В Атырау +20