
Атырау облысының Индер ауданында 29 мамыр таңертең жол апаты болып, төрт адам қаза тапты.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға сағат 06:30 шамасында Индер – Қарабау трассасының 15-шақырымында болған. Hyundai Sonata көлігі аударылып кеткен.
Көлікті 41 жастағы жүргізуші басқарған, ол және үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау +13.8