Атырау, 1 желтоқсан 21:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Төрт үй жылусыз қалып отыр

2 627 просмотра

«АЖ» сұрағына «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ жауап берді.

– Жылыту маусымы ресми түрде 15 қазанда басталды. Бұл күні Атырау ЖЭО-на қосылған қанша үйге жылу берілді?

– 15 қазанда қала бойынша 792 тұрғын үйге жылу берілді. Жылу жүйесінің дайын болмауына байланысты С. Датов, 14 («Бәйтерек алаңы» ПИК-і), С.Датов, 33 («Құрман Сервис» ЖК), Сәтпаев, 5 («КС «Бытсервис» ПИК-і) және Смағұлов, 12 мекен-жайындағы үйлерде шаю жұмыстары жүргізілмей, жылу берілмей қалды. 21 қазанда бұл үйлерге әлі жылу қосылған жоқ.

– Олар жылу жүйесіне жуық арада қосыла ма?

– Қазіргі кезде бұл үйлердегі жылу жүйесіне жөндеу жүргізілуде. Жөндеу және шаю жұмыстары жүргізілгеннен кейін жылу берілетін болады. ПИК-тің жөндеу жұмыстарын қашан аяқтайтынын айта алмаймын.

Иесіз қалған жылу жүйелерінің жағдайы қалай?

– Техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз болғандықтан, жылу берілмей отырған иесіз жылу жүйелері қазір жоқ. Тұрғын баспана салғаннан кейін қожайынды болмаған жылу жүйелерінің учаскелері бар. Құрылыс салушылар жылу жүйелеріне заңды құжаттар ресімдемеген бірнеше үйлер бар.

– Сіз Жарбосынов, 71 мекен-жайындағы үйді айтып отырсыз ба? Бұл үйдегі пәтер иелерінің «Нұр Отан» партиясының филиалы мен қалалық әкімдікке шағым жазғаны белгілі.

– Бұл үйдің жылу трассасының ұзындығы 100 метрді құрайды. Үйді жылумен жабдықтау тапсырысы түскен жоқ. Менің мәліметімше, құрылыс компаниясы жылу есептегішін орнатып, содан кейін ғана шаю жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Жалпы тұрғын үйлерге жылу беру кешеуілдетілмей және қиындықсыз жедел жүріп жатыр. «Атырау жылу жүйелері» АҚ жоспарланған жөндеу және шаю жұмыстарын толықтай орындады.

Жазып алған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.