
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба қоғамды дүр сілкіндірді: бір қыздың екіншісін ұзақ уақыт бойы ұрып-соққаны кадрға түсіп қалған.
Жәбірленуші жерге құлап, қорғансыз күйде жатқанда да шабуылдаушы оны шашынан сүйреп, ұруын жалғастырған.
Көпшіліктің ашу-ызасын тудырған жайт – бөлмеде болған басқа қыздардың ешқайсысы араша түспей, керісінше оқиғаны телефонға түсіріп отырғаны. Алдын ала мәлімет бойынша, олар жергілікті кешкі мектеп пен колледждің оқушылары.
Атырау облыстық полиция департаменті бұл оқиғаның биылғы сәуірде болғанын хабарлады. Құқық қорғаушылар пәтерде болған барлық адамдардың тұлғасын жедел анықтап, оларды полиция басқармасына жеткізген.
Ведомствоның мәліметінше, төрт күдікті кінәлі деп танылып, жауапкершілікке тартылды. Барлық қатысушылар ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылды.
Негізгі фигуранттардың бірі 16 жастағы жасөспірім болғандықтан, оның ісі бөлек қаралып, материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілді. Комиссия заңға сәйкес тиісті шешім қабылдайды.
В Атырау +13.8