Атырау, 28 мамыр 18:24
 дождьВ Атырау +24.4
$ 477.48
€ 555.83
₽ 6.65

Атырауда зейнеткер 1,3 млн теңгені алаяқтарға аудармақ болған

100 рет қаралды

Атырау қаласында 76 жастағы әйел өзін банк қызметкері ретінде таныстырған телефон алаяқтарының құрбаны бола жаздады. 

Олар оның атына заңсыз несие рәсімделіп жатқанын айтып, ақшасын «қауіпсіз есепшотқа» аударуды талап еткен.

Әйел 1 млн 300 мың теңгесінен айырылып қалуы мүмкін еді. Бірақ «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлескен әрекет нәтижесінде күмәнді қоңырау дер кезінде анықталып, полицияға хабарланды.

Облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Сұлтан Иманғалиев оқиға орнына барып, зейнеткерге жағдайды түсіндіріп, сабырға шақырды. Ол алаяқтармен байланысты жалғастырып, олардың жоспарын іске асыруына жол бермеді.

Полиция азаматтарға сақ болуды ескертеді: құқық қорғау органдары, банк немесе мемлекеттік мекеме қызметкерлері телефон арқылы ақша аударуды талап етпейді және жеке деректерді сұрамайды. Күмәнді қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, полицияға хабарласу қажет.

Бүгін, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.