Атырау, 28 мамыр 17:09
 дождьВ Атырау +23.8
$ 477.48
€ 555.83
₽ 6.65

​Атырауда алғаш рет таңдай жырығы бар балаға күрделі ота жасалды

93 рет қаралды

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Атырау облыстық балалар ауруханасында ерекше медициналық шара өтті. 

Алматыдағы Medical Park орталығынан жоғары санатты бет-жақ хирургі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Нұрмағанов арнайы шақырылып, өңір дәрігерлеріне шеберлік сабағын өткізді.

Оның қатысуымен туа біткен бет-жақ ақаулары бар балаларға күрделі операция жасау әдістері көрсетілді. Алғашқы ота 1 жас 9 айлық балаға жасалып, дәрігерлер оның сәтті өткенін мәлімдеді. Мұндай тәжірибе алдағы уақытта да жалғасатыны айтылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиевтің айтуынша, қазір өңірде бет-жақ сүйектерінде түрлі ауытқуы бар 300-ге жуық бала есепте тұр. Таңдай жырығы диагнозы қойылғандарға дер кезінде жасалған ота олардың дұрыс тамақтануына және сөйлеу қабілетінің қалыптасуына оң әсер етеді.

28–30 мамыр аралығында өтетін шеберлік сабақ барысында барлығы 12 операция жасау жоспарланған. Күніне төрт ота жасалады. Сонымен қатар, 28–29 мамыр күндері профессор Серік Нұрмағанов пациенттерді қабылдап, кеңес береді.

Айта кетейік, бұл бастама былтыр Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қолға алынып, дәстүрлі жобаға айналып келеді.

Бүгін, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.