
Махамбет ауданында жалпы ұзындығы 78,8 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарына құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атап айтқанда, Махамбет ауылындағы 1-кезең (11,3 км) және 3-кезең (18,3 км) жол құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар Ақтоғай ауылына кірме 2,2 шақырым жол, Есбол ауылындағы 2 шақырым, Еңбекшіл ауылындағы 1 шақырым, Ортақшыл ауылындағы 3,2 шақырым және Алға ауылындағы 5,1 шақырым жолға күрделі жөндеу жасалуда.
Бұдан бөлек, Талдыкөл ауылына кірме 6,3 шақырым жол қайта жаңартылып жатыр. Сарайшық ауылындағы 13,7 шақырым ауылішілік жол, Жалғансай ауылындағы 9,6 шақырым және Тандай ауылындағы 6,1 шақырым жол құрылысы қатар жүргізілуде.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Құралбек Жиенғалиевтің айтуынша, негізгі мақсат – тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынасын қамтамасыз ету. Барлық нысанның сапасы мен уақытылы аяқталуы тұрақты бақылауда.
Осылайша, аудан көлемінде жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып келеді.
В Атырау +23.8