Атырау, 28 мамыр 14:58
 дождьВ Атырау +23.8
$ 477.48
€ 555.83
₽ 6.65

Маңғыстауда бюджет қаржысын заңсыз жұмсау деректері анықталды

123 рет қаралды

Маңғыстау облысының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады.

Анықталған фактілерге сәйкес:

  • Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы бір көзден заңсыз мемлекеттік сатып алу жүргізіп, 592 млн теңге бөлген.
  • Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы мен Бейнеу ауданы Тұрыш ауылының әкімі орындалмаған жұмыстар үшін 29,5 млн теңге бюджет қаражатын төлеген.

Прокуратура актісінің негізінде заң бұзушылықтар жойылды. Сонымен қатар аталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін атқарып отырған қызметтеріне толық сәйкес еместігі туралы ескерту алды.

Осылайша, прокуратураның араласуымен бюджет қаражатының заңсыз жұмсалуына жол берілмеді.

Бүгін, 13:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.