Атырау, 27 мамыр 00:36
 дождьВ Атырау +22.5
$ 477.48
€ 555.83
₽ 6.65

Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Атырау облысында жол апатынан қаза тапты

78 рет қаралды

Атырау облысында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғали қаза тапты. Ол 45 жаста еді. 

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай бүгін таңертең болған. Ерболат Иғали жүргізушісімен бірге жұмысқа бара жатқан қызметтік автокөлік жолда аударылып кеткен. Апат салдарынан шенеунік оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші аман қалды.

Қаралы хабарды Атырау облысының әкімдігі растады.

— Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Айдынғалиұлы Иғалидың кенеттен қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ әріптестеріне қайғыра көңіл айтамыз, — деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Мәлім болғандай, келесі айда ол 46 жасқа толуы керек еді. Артында бес баласы қалды.

Ерболат Иғали еңбек жолын жергілікті газеттің тілшісі ретінде бастаған. 2023 жылдың 30 қаңтарынан бастап Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

Айгүл МАНСҰРОВА

Кеше, 22:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.