Атырау, 26 мамыр 19:11
 дождьВ Атырау +29.5
$ 472.48
€ 550.06
₽ 6.59

​Қазақстанның 500 мектебінде жасанды интеллект енгізіледі

90 рет қаралды

Президент тапсырмаларына сәйкес, елімізде білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау жөніндегі кешенді жоспар аясында пилоттық жоба басталды. 

Үш оқу жылына арналған бұл жобаға 500 мектеп қатысады. Оның ішінде 100 мектеп – «Келешек мектептері», 150 – ауыл және қала мектептері, 250 – шағын жинақты мектептер.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, жоба инфрақұрылымды жаңғыртудан бастап мұғалімдерді цифрлық құралдар мен AI-ассистентті пайдалануға үйретуге дейінгі бағыттарды қамтиды. Бүгінге дейін 350 мың ұстаз біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Сонымен қатар, жасанды интеллект негізінде дербестендірілген оқыту жобалары енгізіледі. Балалардың жеке деректерін қорғау үшін арнайы бұйрық әзірленіп, жауапты тұлғалар тағайындалады.

Кешенді жоспар 2026–2029 жылдарға арналған, ал пилоттық кезең 2026–2027 жылдары жүзеге асырылады. Министр қағаз оқулықтарды планшеттермен алмастыру мәселесі әзірге қаралу сатысында екенін атап өтті.

Бүгін, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.