
Атырау облысында өткен жылдың желтоқсанында ұсталған 43 жастағы Қызылорда облысының тұрғынына сот үкімі шықты.
Ол интернет‑дүкен арқылы жасырын тәсілмен синтетикалық есірткі таратқаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тексеру кезінде күдіктіден жалпы құны шамамен 2 миллион теңгені құрайтын «Альфа‑PVP» есірткі затының 64 дозасы тәркіленген.
Тергеу барысында оның қаржылық қиындықтарға байланысты заңсыз табыс табу жолына түскені және 2025 жылдың қазан айынан бастап есірткі таратумен айналысқаны анықталды.
Полиция азаматтарды заңсыз табыс көздерінен бас тартуға және заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
В Атырау +29.5