Атырау, 26 мамыр 15:38
 дождьВ Атырау +31.4
$ 472.48
€ 550.06
₽ 6.59

Елімізде балаларға арналған заңсыз контенті бар интернет-ресурстар бұғатталды

79 рет қаралды

Қазақстанда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында интернеттегі заңсыз контентке қарсы шаралар күшейтілді. 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері құқыққа қарсы ақпаратты қамтитын 6863 интернет‑ресурсқа қолжетімділік шектелді, ал әлеуметтік желілердің әкімшіліктеріне 869 пабликті бұғаттау бойынша 20 мыңнан астам материал жолданды.

Жазғы кезеңде балалардың бос уақытын мазмұнды өткізу үшін арнайы 59 тармақтан тұратын медиа жоспар әзірленді. Оның аясында республикалық телеарналарда 30 бейнеролик 50 реттен артық көрсетіліп, өңірлерге қоғамдық орындарда орналастыру үшін таратылды. Сонымен бірге, балаларды цифрлық және қаржылық сауаттылыққа үйрететін, ұлттық мәдениет пен спортты насихаттайтын 9 жаңа жоба іске қосылады.

Министрлік жазғы науқан барысында мұражайлар мен театрларда 1500‑ден астам мәдени‑ағарту жобасын өткізуді, Бурабайда алғашқы республикалық шығармашылық лагерін ашуды және «Жасыл ел» жасақтарында 34 мыңнан астам жасты уақытша жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Бүгін, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.